Версия для слабовидящих

«Железин ауданының ОКЖ» КММ балалар сайты «Керемет Кітабистан»

Құрметті достар!

Сіздерді біздің сайтта қарсы алуға қуаныштымыз!

Құсқанаттарды қорғайық? Әдеби сабақ

«Железин ОКЖ» балалар әдебиеті бөлімі  «Мейірімділік сабақтар» төңірегінде және,  қазақ балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Балапан торғай» атты әңгімесі бойынша өтті.

 кіші топтарға арналды.

Кіріспе бөлімде: «Құсқанаттар тарихы»  туралы дерек Кітапханашы

Негізгі бөлімде: «Балапан торғай »  әңгімесі оқылды.

Әңгіме бойынша сұрақ –жауап – ЖББМ нің 1 сынып оқушылары.

Мақсаты: Кітап   кейіпкерлері арқылы балаларды мейірімділікке баулу. Шынайы достықтықтың иесі болуға шақыру. Балаларды қайырымлыққа, жанашырлыққа, бірлікке тәрбиелеу. Жат қылықтардан аулақболуға үйрету.

Қорытынды: Балалар әңгімеде Қожа  бейнесі, іс әрекеттері арқылы жақсылық пен мейірімлікті таныды. Және құстарға деген сүйіспеншілік пен қайырымдылық қасиеттерді таныды.  Балалардың табиғатқа деген көқарастарды өзгерді. Олар адалдық, қайырымдылық, мейірімділік рухани дүниені таныды. Балалар құстарға деген сүйіспеншіліктерін  құстар туралы мысалы «Көгершін», «Торғай» , «Көкек» атты өлең шумақтар арқылы білдірді.

Шара соңында  берілген сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытты.

Берілген сұрақтар:

Әңгіме сұрақтары:

—           Жантас балапан құсқа  қандай әрекет жасады?

—           Балапан торғайды кім арашалап қалды?

—           Қожа жалпы қандай бала, оның іс-әрекеттерін сипатта ?

Деректер бойынша  таным сұрақтар:

  1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
  2. Қандай құс хат тасушы атанған?
  3. Құстың негізгі баспанасы?
  4. Қай құста мүлде ұя болмайды?
  5. Қазақстанда құстардың неше түрі бар?

Жазылғандар саны: — 5

Кітап беру: -6

Қатысқандар саны барлығы — 10