БАЛАЛАРДЫҢ СҮЙІКТІ ДОСЫ
24 ақпан күні балалар әдебиеті бөлімінің оқу залында балалар ақыны Ескен Елубаевтың 80-жылдығына арналған әдеби ойын өтті.
Ақынның шығармалары бойынша оның балалық шағы қазақ ауылында, ыстық күннің астында дала жайылымдарында, ауыл балаларының арасында өтті деп болжау қиын емес: әр ақын, ең алдымен, өзінің балалық шағы туралы жазады.
Балалар ақыны 1942 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді, алғашқы өлеңдерін Пионер газетінде жариялады. Ең алғаш өлеңін 14 жаста жазған еді…
Оның есімі аға буынға жақсы таныс болса, балалар қауымы осы ақынмен онша таныс емес. Кітапханашының міндеті — осы олқылықтың орнын толтыру. Ол үшін кітапханаға бастауыш сынып балалары шақырылды.
Ойын ережелері қарапайым болды: ойында — 6 тур жоспарланды, тапсырмаларды жылдам және дұрыс орындаған балаға фишка беріледі. Нәтижесінде, кімнің фишкасы көп болса, сол жеңеді.
1 турдың алдында ақынның шығармаларына сәйкес «Ұйқасты жалғастырыңыз» жаттығуы болды. Ол үшін келесі өлеңдер таңдалды: «Гүлдер», «Өнертабыс», «Кейіпкердің монологы, «Жаңа жыл», «Мысық», «Үйде және қонақта», «Солақай» және т. б.
Әрі қарай балаларға шарлар ұсынылды, оларды жарып, жасырылған жұмбақты шешуі керек еді. Балалар, әрине, тапсырманы қуана орындап, жұмбақтарды шешті.
2-турда қатысушылар залдың еденінде шашылған «гүлдерді» жинау керек болды. Әр гүлде балалар ақынының өлеңдерінің атаулары жазылған, оларды да дауыстап оқу керек болды. Келесі тур -«Шатасу» деп аталды. Балалар қуана-қуана орындады, себебі бұл тур жылжымалы және ойлау қабілетті қажет етті. Келесі тапсырмада еденге «жолдар» салынып, ал жолдың басында әріптер қойылды. Осы әріптерден Ескен Елубаевтың өлең – жырының атын жазу керек болды. Бірінші болып Қабдолла Тұрар ақынның «Барлаушы»атты туындысының күрделі атауын ашып, тапсырманы орындады.
4-турда іс-шараны жүргізуші Ульяна Романовна Курносова мәнерлеп және әдемі оқыған өлең жолдарынан балалар адамның есмімін, қалталардың санын, жаунарлардың атауын тауып, санау керек болды.
Іс-шара соңында фишкалар саны бірдей екі қатысушы екені анықталды. «Жеңімпаздар» үшін қосымша жұмбақ оқылып, дұрыс жауапты Готфрид София берді.
Іс-шара ақын Ескен Елубаевтың керемет сөздерімен аяқталды: «Достарым! Балалардың барлығы табиғаты бойынша дарынды дейді. Мен бұған ешқашан күмәнданған емеспін. Рас, балалар ересек болған кезде олардың кейбіреулері ғана жазушы, ал қалғандары оқырман болады. Бірақ нашар жазушы болған гөрі жақсы оқырман болу, менің ойымша, жақсырақ. Жақсы оқырман ешқашан жаман адам бола алмайтынына сенімдімін. Сондықтан мен сіздерге шын жүректен жақсы оқырман болуды тілеймін!»
