Версия для слабовидящих

«Железин ауданының ОКЖ» КММ балалар сайты «Керемет Кітабистан»

Құрметті достар!

Сіздерді біздің сайтта қарсы алуға қуаныштымыз!

Сүйікті кітаптар ізімен

Балалар әдебиеті бөлімінде «Сүйікті кітаптар ізімен» атты квест өтті. No2 жалпы орта мектебінің «Достық»  сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері шараның қонағы болды.

Ойын барысында балаларға кітапхана бөлімдеріне саяхат жүргізілді. «Ойлан, тап — Угадай – ка», «Іздеу бюросы — Бюро находок», «Ойнау — Игровая» сияқты бекеттерде оларды ертегілер кейіпкерлері Алдар Көсе (кітапханашы Ашкенова Ғ.А.), Буратино (кітапханашы Чехова Н.С.),  етік киген Мысық (кітапханашы Курносова У.Р) қарсы алып әр түрлі қызықты сайыстар өткізді.

Балалар жұмбақ шешті, «Ертегі кейіпкерлерін тап -Угадай героев сказки», «Бұл кімнің заттары? — Чьи это вещи?», «Сойлемді жалғастыр — Продолжи фразу», «Пазлды жина — Собери пазлы» атты әдеби ойындар, «Менің кітап сөремде — У меня на книжной полке» әзіл ойын ойнады.

Кездесу өте көңілді, қызықты, тартымды өтті. Балалар жақсы көңіл күймен қайтты.