Ертегі кейіпкерлерінің карнавалы
Ертегі – бұл кішкентай ғана тұқым, осы тұқымнан кейін баланың өмірлік құбылыстарды эмоционалды түрде бағалауы өсіп шығады. В.А. Сухомлинский.
Балалар ертегі әлемінде сол әлемнің толыққанды мүшелері ретінде белгілі жасқа дейін өмір сүреді. Бұл табиғи нәрсе, өйткені ертегі олардың көзқарасына жақын және үйлесімді. Өмірдің басында ол балаларды фантастикалық бейнелермен, қызықты оқиғалармен, өз әлемінің әсемдігімен және жарықтығымен қарсы алады.
Әр ертегіде Жақсылық пен Жамандықтың шекарасы бар. Олар шешілмейтін Жаулар, олар мәңгілік күресте. Бұл қарама-қайшылықта жақсылық әрқашан жеңіске жетеді, әділеттілік әрқашан жеңеді. Сондықтан ертегі соншалықты күшті, балалар оған сенеді. Балалар үшін ертегіде жақсылықты бейнелейтін кейіпкер әрқашан әдемі екендігі өте маңызды. Бұл өз халқын қорғайтын жеңілмейтін батыр немесе зұлымдықты ақылмен, даналықпен және тапқырлықпен жеңетін адам. Сондықтан балалар ертегі кейіпкерлерін жақсы көреді, оларға сенеді және осы сенім мен махаббатты ертегі әлемінен шынайы әлемге ауыстырады.
Қазіргі балалар ертегілерді жақсы көреді ме, оларға сенеді ме, ең бастысы — ертегілерді біледі ме екенін Железин орталық аудандық кітапханасының ұжымы тексерді: Алғыс айту күні орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары балалар жылының ашылуына айналған «Ертегі кейіпкерлерінің карнавалы» атты ойын-сауық шоуын өткізді.
Іс-шара аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы А.А. Мукушеваның құттықтауымен басталды. Айгүл Абайқызы балаларды мерекемен құттықтап, оларға жақсы көңіл-күй тіледі.
Жас қонақтарды ертегіші қарсы алып, «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты символикалық атаумен безендірілген жарқын кітап көрмесінің сөрелерінен балаларға қарап тұрған ертегілер әлеміне енгізді.
Кез-келген ертегіде сияқты, әңгімеші балаларды қорқынышты өрмекшінің торына оралған көбелектерді құтқаруға шақырды. Балалар қуана-қуана «жұмбақтар» торын жұлып алып, көбелектерді құтқарды. Осы кезде Т. Александрованың шығармаларына негізделген мультфильмдердің басты кейіпкері – домовенок Кузя пайда болды. Оны кім білмейді? Балалар оны таныды және кездескендеріне өте қуанышты болды. Кузяның өзімен бірге үлкен қапшығы болды, онда ол ертегі кейіпкерлерінің заттарын сақтап жүр екен, бірақ қай нәрсе кімдікі екенін өзі білмейді. Сондықтан балалар қапшықтың ішіндегі зөаттарды танып, өиелерін тапты. Кузя қуанып, алғысын ойынмен білдірді: «сыпырғышпен ұшамыз» конкурсын өткізді. Балалар үшеуден сыпырғышқа отырып, басқа топтан тезірек «орманнан» өтуі керек еді. Барлық балалар керемет болды, бірақ, әрине, «құлаған ағаштар» да болды.
Келесі эстафета Күлмес ханшайымына берілді. Ханшайым балаларға шығып, оны күлдірту керек екенін шарт ретінде қойды. Бұл жерде балалар қызу ойынға енді: Отты құстың қанаттарын жұлып, онда жазылған тапсырмаларды керемет орындады. Робот секілді биледі де, арқасы қатты қышып кетен гитаршаны да көрсетті, кенгуру секілді секірді де, қатты ұйқылары келіп тұрған адам секілді өлең оқыды да және т.б. тапсырмаларды орындады. Балалардың қылығына Күлмес ханшайым мәз болып, балалармен «бұлақ» атты ойын ойнады. Мұндай ойын жақсы, өйткені ол бәрін қамтиды, барлық балаларды қатыстырады.
Әрі қарай қазақ ертегілерінің кейіпкері, есімі өзі үшін айтып тұрған кейіпкер – Алдар Көсе қосылды. Қу балаларды адастырып, айла-амалдар жасады. Бірақ балалар бірден түсініп, өз фишкаларын алуға кол жеткізді. Айтпақшы, осы әр дұрыс жауап үшін беріліп жатқан фишкалар ақша рөлін атқарды және балаларды белсенділікке ынталандырды.
Әрі қарай балалармен түрлі байқаулар өткізілді, ересектер үшін ең таңқаларлығы, Цокотуха шыбыны құрттарды «жегісі» келгенде, балалар бәрі еденге жатып, құрттарды бейнелей бастады. Әрине, бұлай жасауға ертегіші бұдан былай рұқсат бермеді, бірақ ойын өте қызықты және көңілді өтті.
Іс-шара соңында костюм киген кейіпкерлер дискотекаға жүгіріп кіріп, балалармен билей бастады. Іс-шара фойеде балаларға арналған тәтті тағамдармен аяқталды.
ОАК ұжымы ұйымдастырған балаларға арналған карнавал осылай өтті.
Ертегінің арқасында балалар адам өмірінің маңызды шындықтарын түсіне бастайды. Ертегі мораль негіздерін қалыптастыруға көмектеседі, олардың заңдарына сәйкес олар өмір сүруді үйретеді. Ертегі сиқыры адам есейген сайын жоғала бастайды. Бірақ егер де бала кезінде адам ертігі оқыса, не естісе, оның өмірі неғұрлым жеңіл болады деп білеміз.




