Кітапханалық театр
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Железин аудандық «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік және жасампаздықтың 30 жылы» атты 2-күндік кітапханалық марафоны өтті.
Балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер А.Е.Умарованың жетекшілігімен БӘБ оқырмандары көрсеткен «Тарих беттерінде» атты библиотеатр көрермендердің көңілінен шықты. Бұл қойылым қазақ жазушысы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» романы бойынша түсірілді. Асан Қайғының кеңесімен әз Жәнібек хан Алтын Орда астанасын Сарыарқа даласына көшіруге мәжбүр болған Қазақ хандығының тарихи кезеңін балалар шеберлікпен сахналай білді. Сахнаны сомдаған: Асан қайғы – Ә.Аңсабаев, Жәнібек хан – Ә.Саржанов, Төре би – Т.Сағымбай, дәйекші жігіт– Ә.Шәріпов, жүргізуші – Ж.Есеналиева, Жәнібек ханның бәйбишесі – Ш.Рахимжанова.
