Версия для слабовидящих

«Железин ауданының ОКЖ» КММ балалар сайты «Керемет Кітабистан»

Құрметті достар!

Сіздерді біздің сайтта қарсы алуға қуаныштымыз!

Мейірімділік сабағы

  Қазақ балалар жазушысы Ә. Файзуллаұлының 80 жылдығына орай «Железин ОКЖ» балалар әдебиеті бөлімі  «Мейірімділік сабақтар» төңірегінде «Мейірімді құшағымыз» атты ертегі сағатын өткізді.

Бағдарламада «Ақмышым»  туралы презентация, «Ақылды ертегілер» кітабы  бойынша  «Ақмышым»  атты ертегі   әңгімесі оқылды; әңгіме бойынша сұрақ –жауап өткізілді.

Мақсаты:  Кітап кейіпкерлер арқылы балаларды мейірімділікке баулу. Шынайы достықтықтың иесі болуға шақыру. Бірі-біріне деген қосқарастарын жақсы бағытта қалыптастыру.

Қорытынды: Балалар ертегідегі Ақмышым атты мысық  бейнесі, іс әрекеттері арқылы өз-өзін тани алды. Және үй жануарларына деген сүйіспеншілік пен қайырымдылық қасиеттерді таныды.  Шынайы достық бір-біріне деген сенімділік, адалдық, қайырымдылық, мейірімділік. бірлік, татуластық- белгісі деп танып білді.