Версия для слабовидящих

«Железин ауданының ОКЖ» КММ балалар сайты «Керемет Кітабистан»

Құрметті достар!

Сіздерді біздің сайтта қарсы алуға қуаныштымыз!

Күздің жаңа кітаптарын ұсынамыз!

 Библиографиялық әдеби — шолу

 Кітап – білімнің қайнар көзі, кітап оқысаң, көзің ашылады демекші, біздің жас жеткіншектер көптеген жаңалықтар  ашады деп сенеміз. Кітап  бала өміріне жақсы әсер беріп, көптеген қиыншылықтарды жеңе білуге көмектеседі,  кітап оқысаң,  білім деңгейің артып, жан-жақты өздігіңнен тани аласың. Бірақ әрбір баланың қабілеттілігі әр-түрлі, сондықтан оларды тек қана мектеп тәрбиесіне баулу аз болып келеді. Бала жан-жақты даму үшін оны жасына сай арнайы  кітаптармен таныстырып, қызықтыру керек. Ал біздің міндетіміз — жас оқырманды қанағаттандыру үшін  кітапты дұрыс таңдауға, және сол қызықты кітаптардың арасынан ең керегін алуға,  балаларға арналған көркем суретті әдеби әңгімелер мен ертегі кітаптарын ұсынамыз!

Бұл кітаптарды сіздер Железин аудандық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінен алып оқи аласыздар. Бүгінгі күні мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де жаңа кітаптар түсіп жатыр.

Кіші топ оқырмандарына біз «Буынға бөліп оқимын» топтамасынан шыққан «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Түймеқыз» және Редьярд Киплинг ертегісінің желісі бойынша «Маугли» — «Аруна» баспасы – 24б- 439т. ертегі кітаптарын ұсынамыз.

Бұл ертегі кітабының тәрбиелік және көркемдік – эстетикалық мәні зор. Ертегі баланың ой қиялын ұштайды. Ал баланың кітап оқуға деген қызығушылығы артып,  әріп үйренуден басталады. Оқуға үйрету – сауатты жазуға дағдыландырумен қатар жүретін үдеріс. Әріп танитын балаға сөздерді буынға бөліп оқыту қажет. Буынға бөлуді үйренген оқушы сауатты жазады. Сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата алады. Осы «Буынға бөліп оқимын» топтамасынан шыққан кітаптардың көмегі ерекше.

 Төлепбергенұлы Н. Қой мен қасқырдың «достығы».- Алматы. – 15 б.

Жазушының бұл ертегі кітабы да бүлдіршіндер үшін өте қызықты болуы мүмкін. Балалардың ой өрісін кеңейтіп, қоршаған орта мен табиғаттың тыныс тіршілігі жайлы алуан түрлі мағлұмат беретін бұл кітапты да біздің кітапхана сөресінен таба аласыз.

Төлепбергенұлы Н. Балалармен достар- алуан түрлі құстар. – 63 б.

Кітап түрлі-түсті суреттермен безендірілген, өлеңмен жазылған кітапшалар балабақша және бастауыш сынып оқушыларына арналған. Балалардың ой өрісін кеңейтіп, қоршаған орта мен табиғаттың тыныс тіршілігі жайлы алуан түрлі мағлұмат береді, және кішкентай бөбектердің кітапқа деген қызығушылығын тудырады.

«Отбасы ертегілері» топтамасынан түскен Әділ патша.- Алматы, 2019. – 63 б.

Кітаптағы Көл түбіндегі алтын, Бегайдардың ырысы, Жамандық неден болады?, Әділ патша ертегі оқиғалар арқылы балалардың еліне жеріне деген сүйіспеншілігі артып, жақсы мен жаманды айырып, оларды әдептілікке, жауапкершілікке, туған жерді сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелейді.

Ал орта және жоғары топ оқырмандарға «Отбасы хрестоматиясы» атты топтамадан түскен : Жәк Лондон. Қасқыр/ Киш туралы аңыз. – Алматы, 2020-64 б.

Кітапқа американ жазушысы Д.Лондонның « Қасқыр» және «Киш туралы аңыз» атты шығармасы енген. Балалардың тіліне ыңғайлы, ықшамдап берілген. Бұл кітап алғаш рет 1936 және 1937 жылдары жарық көрген. Қайта өнделіп ұсынылып отыр. Кітап құндылығы әр бір оқырман көңілін толтырады деп сенеміз.

Айтматов Ш. Балалық шақ. Повесть/ Ауд. Н.Ораз.- Қарағанды, 2020.-134б.

Шыңғыс Айматовтың «Балалық шақ»  повесі бұндағы жазушы өзінің балалық кезі туралы сыр шертеді. Әсері жағынан да, ой салуы тұрғысынан да оқырман үшін пайдасы зор. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

Толстой Л. Балаларға арналған әңгімелер/ Л.Толстой, / Ауд. Абылай Маудан. – Қарағанды , 2021. – 102 б.

Лев Толстойдың балаларға арнап жазған осы кітабы – қанша уақыт өтсе де, өзектілігін жоғалпайтын дүние. Үлкендерге арнап шым–шытырық романдарды жаза білген жазушы, кішкентай оқырмандарына арнап та ұғынықты, шуақты, ықшам дүниелерді тудыра алған. Кітап жас өспірімдер мен балдырғандарға арналады.

Ал ересек топтарға біз Ғабдуллин Н. Алғашқы сапар.Әңгімелер мен повестер, Алматы: «Атамұра», 2008.-272 б. ұсынамыз.

Жазушының бұл жинағында жас жеткіншектер өмірінің қыры мен сыры қызықты да тартымды бейнеленген. Әңгімелері мен повестері мысалы : Бала жаны, Екі дос, Менің анам, Жаңа бұлақ т.б әңгімелері және Жаңа қоныста, Қамажай, Бақыт атты повестері енген. Жинақ көпшілік оқырман қауымына ұсынамыз!

Келешекте кітап оқуды өмір бойы әдет қылатын балдырған өмірде өз орнын тауып, ойлаған арманына жетеді деп сенеміз. Сондықтан бұл тамаша кітаптарды  оқыңыздар демекпіз!  Кітапхана әрдайым сіздерді күтеді.

                                 Құрастырған: ОАК ның

                                 БӘБ — нің кітапханашысы: Ашкенова Г.А.