Версия для слабовидящих

«Железин ауданының ОКЖ» КММ балалар сайты «Керемет Кітабистан»

Құрметті достар!

Сіздерді біздің сайтта қарсы алуға қуаныштымыз!

Ертегі әлеміне саяхат

Железин орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Ертегі әлеміне саяхат» атты квест ойынын өткізді. Іс-шараға Железин № 3 ЖОББМ-ң «Саржайлауlife»атты жазғы демалыс лагерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Балаларды кітапханада қазақ ертегілері мен аңыздарының кейіпкері Алдар Көсе қарсы алып, ойын аялдамаларына бағыттады.

Шара өту барысында берілген тапсырмаларды балалар тауып алып, жауабын айтып, басқа аялдамаларға жүгіріп отырды. Тапсырмалар сан түрлі болды: ертегі кейіпкерлері бойынша пазл жинау, қай кітаптан екенін айту, жұмбақтар шешу, «Ұшқыш қар» деген викторинаға қатысу. Жас оқырмандар жазда оқылатын кітаптармен таныс болды және өздеріне 7 кітап жазды. Қатысқан балалар саны -11. Жалпы, шара көңілді де қызықты өтті.